Photo Valeriy BUGAYEV

Биыл Баянауыл ауданындағы Майқайың кентінде инфрақұрылымды жақсарту бағытында бірқатар іс қолға алынбақ. Атап айтқанда, елді мекен ішіндегі көше жолдары жөнделіп, аулалар абаттандырылады.

 

Биыл Баянауыл ауданындағы Майқайың кентінде инфрақұры-лымды жақсарту бағытында бірқатар іс қолға алынбақ. Атап айтқанда, елді мекен ішіндегі көше жолдары жөнделіп, аулалар абаттандырылады.

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Майқайың кентіне барып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Осы жылы мұнда 20 көшедегі 9,4 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ, кентте алғаш рет көпқабатты 6 тұрғын үйдің аулалары абаттандырылады. Бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолдары салынып, асфальт төселеді. Сол сияқты жарықтандыру жүргізіп,  балалар ойын алаңдары мен көше тренажерлерін орнату жоспарда бар.

Сонымен қатар, кентте аумағы 600 шаршы метр болатын, балаларға арналған ойын және спорт алаңы салынбақ. Жасөспірімдерге арналған тренажерлер мен турниктер де орнатылады.

Асайын Байханов аудан басшылығына барлық жұмысты мерзімінде орындауды және сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген — Валерий Бугаев.