Май ауданында мемлекет және қоғам қайраткері, Павлодар облысының Құрметті азаматы, Май ауданының дамуына зор үлес қосқан біртуар азамат Қуат Есімхановқа мемориалды тақта орнатылды.

Қуат Есімханов — көзінің тірісінде бірнеше облыста қызмет етіп, ұлт руханиятына еңбегін сіңірген жандардың бірі. Ақсу қаласында басталған қайраткерлік жолы Алашқа танылды. Ұлттың тарихы мен мәдениетін түгендеді. Тұлғаларын насихаттады. Абылай хан, Кемпірбай ақын, Майра әнші сияқты ұлылардың есімін өскелең ұрпаққа насихаттап танытты. Шараға қайраткердің көзін көрген замандастары мен әріптестері жиналып, жылы естеліктерімен бөлісті. Мемориалдық тақта Қуат Есімхановтың еңбек еткен әкімшілік мекемесінің ғимаратында орнатылды. Ашылу рәсімінде Қуат Есімханұлының жарқын істері мен адами болмысы жайлы лебіздер ақтарылды. Артына қалдырған ізі мәңгілік сара жол болып қалатындығы айтылды.

 

А.БОРАНБАЕВА.