Қазандық жаңарды

Қаз 30, 2025

Ауданда білім беру мекемелерінде 7 жылдан астам уақыт қолданылып келген қазандықтар жаңартылуда. Жуырда Шарбақты ауылындағы мектептің қазандығы ауыстырылды.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерсін Еркеновтің айтуынша, биыл «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендегі мектепке күрделі жөндеу жүргізілген. Білім ошағында 180 оқушы білім алады. Мектептің жиһазы толық жаңартылып, биология, химия және физика пәндеріне арналған 3 модульдік кабинет сатып алынған. Бастысы, мектепке модульдік қазандық орнатылған. Аудан бойынша жалпы саны 23 мектеп бар. Онда 2255 бала білім алады.

Атап өтерлігі, ауылда көшелер жөнделіп, жолдарға асфальт төселген. Су құбыры бар. Ауыл тұрғындары елді мекенде атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіруде.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.