Железин аудандық аграрлық-техникалық колледжінің студенттері алған білімін тәжірибе жүзінде іске асыруға мән береді. Ол үшін аталмыш білім ордасында өндіріс-
тік оқыту жүйесі қолға алынған.

Колледж директорының міндетін атқарушы әрі оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Светлана Кирьянованың айтуынша, бүгінде білім ордасында 28 студент тамақтануды ұйымдастыру мамандығында оқып жатыр. Жігіттер де аспаздыққа бейім көрінеді.

— Студенттеріміз теориялық білімдерін тәжірибемен шыңдайды. Тамақтануды ұйымдастыру мамандығында оқитын жастарымыз колледждегі арнайы зертханада тәжірибеден өтсе, техникалық бағытта білім алатындар шеберханамызда тәжірибеден өтеді. Ал көктемге қарай өндірістік тәжірибеден студенттер кәсіпорындарда өтеді. Яғни, ауданы-мыздағы дәмхана, асханаларда үйренген тәсілдерді іс жүзінде бекітеді, — дейді Светлана Владимировна. Бұл мамандықты меңгергендердің жұмыспен қамтылуы жыл сайын шамамен 70 пайызды құрайтын көрінеді.

Г.МАҒЖАН.