Ертіс ауданы тұрғындары үшін жыл табысты болды. Ұзынсу, Қосағаш, Қызылқақ секілді шалғай ауылдардың ауызсу мәселесі шешілді.

430 адам тұратын Ұзынсу ауылында су құбырын тарту жобасын «КазЕвроСтрой» ЖШС мердігер ұйымы іске асырса,  400-ге жуық тұрғыны бар Қосағаш ауылындағы су құбырын мердігер ұйым – «АЛЬВИС» ЖШС атқарды. Ал 200-ден астам тұрғыны бар Қызылқақ ауылындағы су құбырларын «КазЕвроСтрой» ЖШС орындауда. Мұнда да құбырлар тартылып, гидранттар орнатылды. Бүгінде жоба толық аяқталып, тестілік іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жыл қарсаңында Қызылқақ ауылының тұрғындарына сапалы ауызсу берілмек. Жалпы, Ертіс ауданындағы ауылдардың 96,2 пайызы ауыз- сумен қамтылған.