Малайсары ауылдық округінің Жаңасарай бөлімшесінің тұрғындарын толғандырған ауызсу мәселесі шешімін тапты. Жуырда бұл елді мекенде құбыр тарту жұмысы аяқталды. 

Бүгінгі күнде 1600 метр көлемінде құбыр тартылды. Енді оны іске қосу жұмыстары қалды. Жұмыс толығымен маусым айына дейін тапсырылады. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Малайсары ауылына кіреберіс жолдарды жарықтандыру жұмыстары мен көше жолдарына орташа жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 11,5 млн теңге қарастырылған. Бұл елді мекенде аталған бағдарлама аясында мәдениет үйінде де күрделі жөндеу жүріп жатыр.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.