Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауды азаматтық парызы санайтын тереңкөлдіктер бүгінде тазалық шараларына атсалысуда. Әрбір елді мекенде айналаны күл-қоқыстан арылту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәселен, жуырда ауданның мәдени ордаларының қызметкерлері сенбілікке шығып, таза орта қалыптастыруға қатысты. Аудандық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, 60-тан астам азамат мекемелердің аумақтарын қураған шөптен, сынған бұталардан, бөгде заттардан тазартты.
Қазіргі таңда мұндай жұмыстар барлық ауылдарда қолға алынған. Тұрғындар да аулаларының маңайын жинастырып, артық заттардан арылтуда. Алдағы уақытта «Таза аула» экологиялық қозғалысы, «Big piknik» волонтерлік туристік слеті сияқты кең ауқымды тазалық шаралары ұйымдастырылмақ. Одан бөлек, «Ардагерге көмек», «Өзіңнен баста» тазалық жұмыстары өтеді. Тереңкөлдіктер тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға маңыз бермек.
Г.МАҒЖАН.
Тереңкөл ауданы.
