Облыстық, республикалық кәсіби байқаулардың жеңімпаздары және шебер мұғалімдер әріптестерімен үздік педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Аталмыш форумға  Павлодар қаласының 500-ден астам мұғалімі қатысты.

Форумның пленарлық бөліміне Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин,  педагогика ғылым-дарының кандидаттары, ҚазПУ доценттері, республикалық «Үздік педагог» атағының иегерлері және әлемнің үздік 100 мұғалімінің қатарына енген педагогтар қатысты. Пленарлық бөлім бағдарламасында функционалды сауатты тұлғаны дамытудың маңызды факторы ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселесі талқыланды. Диалогтар алаңында «Шебер-мұғалім» біліктілік санаты бар мұғалімдер сабақты жоспарлау, критериалды бағалау, тәрбие мақсаттарын іске асыру мәселелері бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Олардың қатарында «Үздік мұғалім – 2023» республикалық байқауының жеңімпазы А.Қасым-жанова, Наталья Савченко, Инга Сидорова, Нина Царюк, Гүлнәр Қазкенова бар. Форум барысында мектеп директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін секция жұмыс істеді. Секция бағдарламасында педагогикалық ұжымда психологиялық жайлы ортаны құру мәселелері де талқыланды. Ынтымақтастық аясында секциялар жұмысына педагогикалық шеберлік орта-лығының жаттықтырушысы Айман Рахымжанқызы Ибраева және Анастасия Алиясова қатысты. Сондай-ақ, жуырда жергілікті мектептердегі сынып жетекшілері арасында «Сынып жетекшісі: сенім, эмпатия, коммуникация» форумы өтті. Оған жергілікті мек-
тептердің сынып жетекшілерімен қатар мектеп директорлары мен меңгерушілері, психологтар мен әлеуметтік серіктестер қатысты. Ж.Тәшенев атындағы мектепте өткен шараның пленарлық бөлімінде қатысушылар сынып жетекшісінің оқушыларды тәрбиелеудегі рөлін, бірыңғай тәрбие бағдар-ламасын әзірлеуді, сынып жетек-шісінің сыныппен, ата-аналармен өзара іс-қимылын, педагогикалық шеберлікті арттыруды талқылады. Пікірталастар М.Әлімбаев атындағы орта мектептегі диалог алаңдарында да өтті. Онда қатысушылар жаңа жұмыс әдістемелерін, сынып жетекшілеріне өз кәсібінде одан да табысты болуға көмектесетін тиімді стратегиялар мен құралдарды қарастырды.

– Алаңда мектеп директорларының орынбасарлары сынып жетекшілеріне көмек ретінде бағдарламалар әзірледі. Үш алаңда сынып жетекшілері сынып сағаты туралы ережені, сынып жетекшілеріне көмектесетін интерактивті қосымшаларды әзірледі. Сынып сағаттарының тақырыбын және оларды өткізудің иннова-циялық формаларын, оқушылар- мен жұмыс істеу үшін психологтардың шеберлік сыныптарын талқылады, — деді ұйымдастырушылар. Форумда мемлекеттік білім беру стандарттары мен пәндік бағдарламаларды іске асыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.

Өз тілшіміз.