Кәсіп таңдауға көмек

Нау 13, 2025

Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан павлодарлық 50 жасөспірімнің болашақ мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беріліп, кейін олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсетілмек.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қоры өкілдерімен өткен кездесуде белгілі болды. Облысымызда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы үшін жұмысшы маман-дықтарын даярлауға бағытталған жоба жүзеге аспақ. Осыған орай 8-9-сынып оқушыларына кәсіби кеңестер беріліп, олардың саналы түрде мамандық таңдауына қолдау көрсету көзделгенін айта кеткен жөн. Аталмыш жиында өңірдегі балалар үйлеріндегі жасөспірімдердің болашақ мамандығын қателеспей таңдауына, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерді меңгеруіне жағдай жасау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Нұржайна ШОДЫР.