Алдағы уақытта өңірімізде құрылыс, жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылатын материалдар өндірілуі мүмкін. Ресейлік компания осы бағыттағы жобаны жүзеге асыруға бейілді.

 

Таяуда облыс әкімі Асайын Байханов әлеуетті инвесторлар – ресейлік «Ультрадекор ГМХ» ЖШҚ компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Компания «Kronospan» ламинатын шығарумен танымал.

Инвестор біздің өңірде ДСП (МДФ) және ОСП тақталарын өндіретін жобаны іске асыруды қарастыруда. Кездесуде тараптар бірқатар мәселені талқылады. Олардың қатарында электр энергиясын тұтыну көлемі, логистика, жобаның экологиялық жағы және тағы басқалары бар.

– Біз инвестицияларды тартуға, өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары құрылатын ірі жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлеміз. Өз тарапымыздан әр түрлі қолдау құралдары мен шараларын көрсетуге, жобаны іске асырудың барлық кезеңінде толық сүйемелдеуді ұсынуға дайынбыз, – деді А.Байханов.

Өз кезегінде компания басшылары жобаны іске асыратын алаң ретінде Ақсу инвестициялық аймағында, басқа да бірнеше орында болып, мүмкіндіктерді саралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.