Әлемдік нарықта өзіндік орны бар ирандық «Solico Group» компаниясы біздің өңірде қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорынның жұмысын бастауы мүмкін. Шетелдік инвесторлар жергілікті билікке дәл осындай ұсыныс білдірді.

 

Облыс әкімі Асайын Байханов әлемнің 30-дан астам елінде азық-түлік өнімдерін өндіретін және сататын ирандық «Solico Group» компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Аталмыш компания Kalleh, Fmol, Seven, Koochin, Majan және т.б. брендтерімен 2000-нан астам өнім атауларын ұсынады. Сол арқылы Таяу Шығыстағы тамақ өнеркәсібіндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі атанып отыр.

Тараптар біздің өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ирандық тарап ыңғайлы логистика және дамыған инфрақұрылым үшін Павлодар облысымен ынтымақтастықтың артықшылықтары мен мүмкін-діктерін қарастыруда.

Келіссөздер барысында компания басшылығы өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктерімен және инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен толығырақ танысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.