Closeup of businesswoman hands, working in office room

Жыл басынан бері облыс қазынасына құйылған инвестициялар көлемі 138,8 млрд теңгені құрады. Бұл ретте қаржы көлемін одан әрі ұлғайтып, инвесторларға жайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік мекемелер тарапынан әлі де ауқымды іс атқарылуы тиіс.

 

Облыстық инвестициялық штабтың отырысында белгілі болғандай, өңірде бірінші тоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі – 118,6.

Осы орайда облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша шартты бейіндер негізінде инвестициялық жобаларды саралау және олардың экономикалық тиімділігін бағалау жүргізіліп, биыл енгізіліп жатқан жобалар бойынша Жол карталарына қол қойылды. Бейінді басқармамен өнеркәсіп секторында және саудада 33 жоба сүйемелденуде. Бірінші тоқсанда шетелдік инвесторлармен 5 кездесу өткізілді.

Асайын Байханов мемлекеттік органдардың жұмысында белсенділік қажет екендігіне назар аударды. Инвесторлардың тіркеуден бастап инвестицияларды салуға дейінгі барлық рәсімдерден жеңіл өтуін қамтамасыз етуді және қосымша жер учаскелері бойынша туындаған мәселелерді шешуді, техникалық шарттарды беруді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.