Бүгінде көптеген шетелдік компаниялар елдің индустриялық орталығы ретінде облысымыздың инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық перспективаларын атап өтуде. Сонымен қатар, өңір мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және экономиканың басқа да салаларымен ынтымақтастық жасауға дайын.

Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуетті инвесторлармен – Қытайдың бірнеше ірі кәсіпорындарының басшыларымен кездесті. Қонақтарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті таныстырылып, одан кейін тараптар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және көлік жасау салаларындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылады. Аталмыш жобалардың табысты іске асуы облыс тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және өңір экономика-сының дамуына жаңа серпін береді. Өңір басшысы ынтымақтастық орнатқан жағдайда компанияларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан барлық кепілдіктер мен міндеттемелер орындалатынын атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.