Облыс әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ түрді. Мәселелердің басым бөлігі бірден оң шешімін тапты.

Аймақ басшысының жеке қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігі денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, инфрақұрылымға қатысты жекелеген және жалпы қоғамға ортақ мәселе-лерді айтты. Жергілікті атқарушы билік пен құқық органдарының жұмысы да өзекті тақырып болды.

Мәселелердің дені сол жерде шешілді. Десе де, қосымша уақыт пен нақтылауды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдармен талқылауды қажет ететін сауалдар да болды.

Бұл ретте кез келген шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес негізделуі тиіс екенін түсінген маңызды. Сонымен бірге, жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың өтініштерін сөзбұйдаға салмай, тиімді шешім қабылдауы тиіс.

Жалпы, жеке қабылдауда көтерілген мәселенің барлығы аймақ басшысының жеке бақылауына алынды.

Өз тілшіміз.