Жақында қалалық Орталық жағалаудың «Ertis Promenade» сахнасының биылғы өнер маусымының шымылдығы жабылмақ. Онда эстрада жұлдыздары Kalifarniya, Mona Songz және Дильназ Ахмадиева өнер көрсетпек.

Павлодар қалалық мәдениет бөлімінің мәліметінше, аталмыш концерт 16 қыркүйек күні сағат 19.00-де басталады. Кеш қонақтарынан бөлек, жергілікті әншілер де ән шырқамақ.

— Жазғы маусымның аяқталуымен «Ertis Promenade» сахнасының да жабылу маусымы жақындады. Жаз айлары бойы өздеріңізбен бірге болғанымызға қуаныштамыз. Әлі де қызықты әрі шуақты концерттердің куәсі боламыз деген ойдамыз, — дейді мәдениет бөлімі. Айта кетейік, қала тұрғындары және қонақтарының өтініші бойынша «Ertis Promenade» сахнасының жұмысы қыркүйек айының ортасына дейін созылған еді.

Өз тілшіміз.