Павлодар қаласының Гагарин саябағында Металлургтер күніне орай бірегей мәдени шара – «MetalFest» фестивалі өтті. Фестиваль көше театры принципі бойынша ұйымдастырылды.

Шараның басты ерекшелігі ERG компаниясының қызметкерінің пьесасы негізінде құрылған «Темір элемент» спектаклінің тұсаукесері болды. Көше сахнасы үшін оны Алматыдан келген кәсіби режиссер Антон Зайцев қойды. Бұл – ERG компаниясының Алюминий дивизионына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ азаматтарына тартылған мерекелік сый. Шара аясында түрлі алаңдарда шоу-қойылымдар, қазақ дәстүрлері негізінде көрнекі акциялар, аниматорлармен ойындар өтті. Бұл күні фестивальдің кішкентай қонақтары үшін саябақтың барлық аумағында ойындар, спорттық жарыстар, шеберлік сағаттары және тегін балмұздақ бар анимациялық бағдарлама ұсынылып, барлық ниет білдіруші тұрғындар оны тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Өз тілшіміз.