Тамыз айының үшінші жек-сенбісі аталып өтетін Спорт күніне орай «Ertis Promenade» сахнасында мерекелік концерт өтті. Шарада елімізге белгілі эстрада жұлдыздары және жергілікті өнер ұжым-дары ән шырқады.

Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова аймағымызда бұқаралық спортты дамытуға маңыз беріліп, заманауи талаптарға сай спорт нысандары салынып жатқанын алға тартты. Сондай-ақ, облыста аспан астындағы спорттық жаттығу алаңдарының саны да артып келетінін айтты.

— Бұл – жігер мен сергектік, жеңіске деген құштарлық мерекесі. Осындай атаулы күні ҚР Президентінің телерадио кешені және «Жібек жолы» телеарнасы өңіріміздің тұрғындарына ерекше көңіл бөліп отыр. Соған орай «Спорт — сенің серігің» атты арнайы мерекелік жобаны павлодарлықтарға тарту етті. Ұйымдастырушыларға облыс әкімдігі атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Көрермендеріңіз ұлғайып, еңбектеріңізге береке, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз, — деді А.Құрманова. Концерттік бағдарлама барысында көпшілікке белгілі эстрада жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Ерболат пен Еркін Құдайбергеновтер және домбыраның құлағында ойнайтын Ақтоты Болышева өнерлерін көрсетті. Олар ән қоржын-дарындағы тындармандарға белгілі «Таптым-ау сені», «Мен қазақпын», «Біздің жігіттер» секілді әндерін шырқады. Сондай-ақ, жергілікті әншілер Aman, Нұрқуат Садығазин, Серік Рысбек және «Самиян» тобы шаһар тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Айта кету керек, облысымызда 280 мыңнан астам тұрғын дене шынық-тырумен және спортпен айналысады. Олардың 90 мыңға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Осы жылы аймақ спортшылары барлығы 1876 жүлде жеңіп алды. Облыс аумағында 28 республикалық, 4 халықаралық жарыс ұйымдастырылды.

 

Айдана БОРАНБАЕВА.

Суретті түсірген – Есенжол Исабек.