С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Өнер күші» атты халықаралық әдеби арт-фестивалі өтті. Шараны «ART-studio» жобасы аясында кітапхана жанынан құралған креативті шығармашылық орталығы ұйымдастырды. Фестиваль әдеби өнерді насихаттау мен ілгерлетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасында тәжірибе мен идеялар алмасу алаңын құруға арналған.

Шара салтанатты ашылудан басталып, көрермендерге Ресей-ден келген қонақтар таныстырылды. Қарасуық аудандық орталық кітапханасының ақпарат-тық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі, Ресейдің кәсіби одағының мүшесі Н.Панасенко және Қарасуық аудандық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Мұсабекова құттықтау сөз сөйледі. Шара Қазақстан және Ресей музыканттары — Алмас Мұқатай мен Дарья Панасенконың орын-дауындағы әнмен ашылды. Фестиваль барысында ресейлік авторлар пластилинді анимация техникасында жасаған «Савка» мультфильмінің тұсаукесерін ұйымдастырды. Бұл — екі кітап-хананың бірлескен жобасы (Қарасуық ауданының орталық кітапханасы және Павлодар облыстық кітапханасы). Мульт-фильм сюжеті «Савка туралы аңыз» (авторы — ресейлік жазушы Елена Ткач) ертегісінен алынған. Оны павлодарлық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айбек Оралхан қазақ тіліне аударған. Кітапхана өнердің тынысын сезінетін нағыз әдеби ортаға айналды. Шығармашылық шеберлік сағаттарынан басқа, фестиваль бағдарламасында «Здесь оживают сказочные сны» атты балаларға арналған иллюстрациялық кітап көрмесі өтті. Арт-фестивальде Қарасуық ауданы және Павлодар қаласының жас суретшілерінің 10-ға жуық туындысы қойылды. Сондай-ақ, экспозицияға ресейлік, шетелдік және қазақстандық авторлардың шығармаларына негізделген иллюстрациялар кірді. Олардың қатарында балалар ақыны М.Әлімбаевтың аңыздары мен ертегілері және ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдері бар.

Өз тілшіміз.

Суретті түсірген – Константин Шелков.