Екібастұзда Қазақстанның Халық жазушысы, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Әлемде жоқ ән салдырған» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Мәдени шара жергілікті Екібастұз қаласы әкім-дігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен және «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Оған шаһардың аға буын өкілдері, Құрметті азаматтары, ақын-жазушылар, студенттер, ұстаздар мен мектеп оқушылары жиналды. Әртістердің арасында Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының әртісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұржан Сарқамбаев М.Әлімбаевтың әні мен сөзіне жазылған «Сүйген болсаң, сағынарсың» әнін сөзі — М.Әлімбаев, әні — Әсет Бесеуов шырқады. Ал жергілікті әнші Жомарт Қабыкенов көпке танымал «Маралдым» әнін орындаса, Сұңғат Көпежанов Е.Беркімбайұлының «Қорлан» әнін айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. «Жайқоңыр» ансамблінің сүйемелдеуімен Лейла Сейсенбаева талай әншілердің бағын ашып, елге танытқан «Ақ маңдайлым» әнін опера жанрында орындап, көрерменнің көзайымына айналды. С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушылары мен №4 орта мектептің ұстаздары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш жүргізушілері ақын Еламан Қабділәшім мен Самал Сәрсенбекова жиналған жұртқа ақынның әдебиеттің қай саласында болсын өнімді еңбек етіп, ерлік үлгісін көрсете білгенін, қаламгердің жан-жақты, сан қырлы шығармашылығын кеңінен таныстырды.

Өз тілшіміз.