Павлодарда облыстық «Мисс Павлодар — 2023» байқауының қорытындысы жарияланды. Ақтық кезең-де көркі мен ақылы келіскен сегіз ару қатысты.

Байқау барысында нәзік жандылар қазылар алқасы мен көрермендердің көңілінен шығуға тырысып, өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың сұлулығы мен өнеріне қазылық етуге көрші облыс-тан да қонақтар шақырылды.

– Негізі, таңдау қиындау болды. Ақтық кезеңге тек таңдаулы сегіз сұлу қызымыз өтті. Бірі салған суреттерін көрсетсе, бірі өздерінің спорттық өнерлерін паш етті. Таңдауымыз каратист қызға түсті. Түр-әлпеті мен бойы да, өзін-өзі ұстауы да қалған қатысушылардан ерекше болды, – дейді қазылар алқасының мүшесі Гүлнәр Жүнісова. Қазылар алқасында Гүлнәр Жүнісовадан бөлек, «Ertis Media» холдингінің директоры Руслан Билялов, «Фирма театр моды Раисы» ЖШС директоры Раиса Райымбекова, Естай атындағы мәдениет сарайының басшысы Сапар Шайхимов, «Bilim Republic» ЖШС директоры Ержан Әуезов төрелік еттік. Байқау нәтижесі бойынша «Сымбатты ару» аталымын Нұрқадиша Төлеухан, «Инабатты ару» аталымын Аяна Шамиева алса, «Нағыз ханшайым» аталымына Фариза Қаппас ие болды. Ал Софья Гончаренко «Іnstagram аруы» атанды. Үшінші дәрежелі «Вице-ару Павлодар 2023» аталымы Лена Летайға, екінші орын Мәдина Олжабайға бұйырды. Бірінші дәрежелі «Вице-ару Павлодар 2023» аталымына Дильназ Жанкүшікова ие болды. Аталмыш байқаудың бас жүлдесіне ие болған Аделина Балғымбаева «Павлодар аруы-2023» атағын иеленді. Барлық қатысушы мен жеңімпаздарға демеушілер атынан бағалы сыйлықтар табыс-талды. Байқау жеңімпазы Аделлина Балғымбаева спорт пен білімді қатар алып жүр. Оның ендігі мақсаты – республика деңгейінде өтетін жарыста жоғары нәтижеге жету.

– Байқауға қатысу менің бала кезімдегі арманым еді. Қатысушы қыздарға қарап қатты қызығатынмын. Сән және білім жарысында жеңімпаз атану үшін барлық күшімді салдым. Сонымен қатар, спортшы қыздар да нәзік, әдемі бола алатынын дәлелдедім деген ойдамын. «Қазақстан аруы» байқауына дайындалып, «Әлем аруы» байқауына өту үшін бар күшімді саламын, – дейді ол. Айта кетейік, жақында Аделина Балғымбаева республикалық арулардың байқауында аймақ намысын қорғайтын болады.

 

Өз тілшіміз.