Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Ертіс-Баян өңірінің креативті индустриясы елорда жұртшылығына таныстырылды. Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында Павлодар облысының креаторларының көрме-жәрмеңкесі өтті. Елордада ашылған Ертіс-Баян аймағының креативті өнімдер көрме-жәрмеңкесі екі күнге жалғасты.
Суретті түсірген – Есенжол Исабек.
Екінші күнінде Қазақстан Респуб-ликасы Премьер-Министрінің орын-басары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы келіп, павлодарлық шеберлердің ерекше идеясы мен қолөнер туындыларын тамашалады. Министрді облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова қарсы алып, Павлодар облысының брендіне айналған өнімдерін таныстырды. Аида Ғалымқызы біздің өңірден барған креаторлардың жұмысын жоғары бағалап, олардың практикалық маңыздылығы мен зор әлеуетін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары да креативті аймаққа арнайы барып, көрме-жәрмеңкесін тамашалады.
Жәрмеңкеде сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің авторлық туындылары, ұлттық қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар, қолдан жасалған зергерлік әшекейлер, ағаш, тері, сүйек, металл және керамикадан жасалған бұйымдар, өңір дизай-нерлерінің этностильдегі киім топтамалары қойылды. Сондай-ақ, Павлодар облысы суретшілерінің еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Одан бөлек, IT колледжінің студенттерінің жаңа жобалары да таныстырылды.
Павлодар облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орта-лығының басшысы, «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының Павлодар өңірі бойынша үйлестірушісі Замира Солтанованың сөзінше, жәрмеңке аймағы Павлодар облысының отыздан астам креатор шеберлерінің басын қосқан. Атап айтқанда, зергерлік өнер алаңы, қолөнер туындыларының алаңы, қолөнер шеберлерінің құрал-саймандары қойылған зал, музей және кітапхана мұраларының алаңы, қыш өнері мен кілем тоқу өнері алаңы, ІТ-колледжінің робототехника жұмыстары көрерменді бей-жай қалдырмады.
— Іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығу-шылығын тудырды. Жәрмеңке екі күн ішінде шамамен 4 500 адамды қабылдады. Көрмеге халықтық көркемөнер саласының шеберлері, қолөнершілер, сурет-шілер, дизайнерлер және креативті индустрия саласында жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдері көптеп қатысты. Көрме-жәрмеңкесінің қонақтары Ертіс-Баян өңірінің индустриялық әлеуетін ғана емес, сонымен қатар, мәдени-рухани жетістіктеріне де көз жүгіртті. Қонақтар павлодарлық шеберлердің қолөнер туынды-ларына ерекше қызығушылық танытып, көп өнімдерді сатып алып жатты. Екі күннің қорытындысы бойынша сатылған өнімнің жалпы көлемі шамамен 5 млн теңгені құрады. Бұл отандық өнімдерге деген тұтынушылар сұраны-
сының жоғары екенін, үлкен мегаполисте өңірлік брендтердің кеңінен қолдау тауып отырғанын және жәрмеңке форматының креативті индустрияны насихаттаудың тиімді құралы екенін көрсетті, — дейді Замира Амангелдіқызы.
Екі күн ішінде Qazaq Creative Hub алаңында астаналықтар үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – Қазақ КСР Халық жазушысы, көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің «Я знаю!..» кітабының таныстырылымы болды. Бұл шараға Шараға көрнекті ғалым, академик Ғарифолла Есім, Қазақстан Жазушылар ода-
ғының мүшесі Сайлау Байбосын,
Жұмағали Қоғабай, ардагер журналист Ғалия Балтабай қатысты. Шараны Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы директоры Серік Елікбай жүргізіп, Олжас ақынның қазақ руханиятына сіңірген еңбегі жайлы айтты. Тұсаукесер рәсімі Ертіс-Баян өңірі ақындарының «Ертіс пен Есіл арасы» атты поэзия кешімен жалғасын тапты.
Creative Aimaq жобасын «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп жүзеге асырады. Жоба өңірлердегі креативті индустрияларды қолдауға, айматағаы үздік брендтік өнім-дерді дамытуға бағытталған.
Тілеуберді САХАБА,
Астана қаласы.
