Павлодар облысында кәмелетке толмаған төрт баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анасы өз құқығынан шектелді.

Успен ауданының полициясына қоңырау шалған әйел онымен бірге тұратын ер адам мас күйінде үйде жанжал шығарғанын атап, көмек сұраған. Оқиға орнына келген полицейлер әйелдің ер адаммен бірге алкоголь ішкенін, осының негізінде бірге тұратын ер адам екеуінің арасында жанжал туындағанын анықтады.

— Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес әйел мен ер азаматтың орташа дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Бірге тұратын ер адамға қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша учаскелік инспектор ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, материал сотқа жіберілді, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, шақырту барысында әйелдің асырауында кәмелетке толмаған төрт баласы бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлері үйде тазалық жоқ екенін, балалардың толыққанды тұруы үшін жағдай жасалмағанын атап өтті. Осыған байланысты, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ, ананың тәртібі кәме-летке толмағандардың істері жөніндегі аудандық комиссияның отырысында қаралып, әйелді ата-ана құқығынан шектеу туралы шешім қабылданды. Қамқоршы-
лық органдарымен бірлесіп, балалар Павлодар қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына және облыстық балалар үйіне орналастырылды.

Алтынбек МҰҚЫШЕВ.