Павлодар облысының аумағында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді-ліктің 16 күні» акциясы өтуде.

Жақында аталмыш акция аясында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бір топ инспекторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігі оқу орталығының алғашқы дайындық тыңдаушыларымен дәріс өткізді. Шара барысында Павлодар қаласы полиция басқармасы Әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Бақытжан Тұрсаринова бүгінгі қоғамда нәзік жандыларға қалай қорғану керектігін, сондай-ақ, отбасы құндылықтары туралы айтып берді.

— Отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамның бұдан әрі қалай болу керектігін білуі, одан әрі жоспарлары болуы өте маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Сол себепті бүгінде мемлекеттік органдармен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескерту және жолын кесу бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр, — деді ол.

 

А.МҰҚЫШЕВ.