Павлодар облысының аумағында «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 31 жастағы ер адам ұсталды. Анықталғандай, күдікті азамат есірткі затын жасырын қоймалар — қаптамалар арқылы сатпақ болған.

Павлодар облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

— Азамат ауылдық жерлерден келіп, есірткі заттарының қаптамашы курьері болып жұмысқа орналасқан. Оқиға орнында ұстау барысында ер адамның жанынан салмағы 23 грамнан асатын «Альфа-п» психотроптық заты мен орауыш материалы бар 40 байлам табылды және тәркіленді. Ұсталған адам аталған есірткі затын Павлодар қаласының аумағында жасырын қоймаларды жабдықтау жолымен сатпақшы болған. Ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, — деді Т.Қаржаубаев.

А.МҰҚЫШЕВ.