Павлодар өңірінің барлық аумағында жүргіз-ілген «Қоқыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде Павлодар полицейлері 422 бұзушылықтың жолын кесті. Бұзушылар қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ, жалпы қолданыстағы орындарды ластағаны үшін жазаланды.

Құқықтық тәртіп сақшылары рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері фактілерінің жолын кесуге, қатты тұрмыстық және құрылыс қалдық-тарын арнайы бөлінген орындардан тыс жерде сақтау фактілеріне, сондай-ақ, сұйық қалдықтарды полигондардан тыс орындарға төгу факті-леріне жол бермеуге, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған рейдтер жүргізді.

— Абаттандырудың бұзылуы туралы көбінесе аймақ тұрғындары хабарлайды. Осылайша тұрмыстық қалдықтарды заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Полицейлер 14 заңсыз қоқыс үйіндісін анықтап, барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкер-шілікке тартылды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

А.МҰҚЫШЕВ.