Облыс әкімінің өкімімен Азамат Имашев Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Азамат Болатұлы 1981 жылы туған, жоғары білімді. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған. Экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласындағы Каратэ-до және жекпе-жек өнері федерациясының менеджері болып бастаған. 2007-2011 жылдары федерацияның вице-президенті болды. 2012-2022 жылдары Астана қаласының олимпиадалық резервті дайындау орталығының жаттықтырушысы, Астана қаласының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы, Астана қаласының №7 БЖСМ директоры ретінде еңбек етті. 2022-2024 жылдары Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары болды. 2024 жылдың сәуірінен осы лауазымға тағайындалғанға дейін Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген — Валерий Бугаев.