Байқаушылар саяси науқанға дайын

Там 8, 2026

23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауында шетелдік байқаушылар еліміздегі саяси науқанның барысын бақылайды. Бүгінде байқаушылардың басым бөлігі аккредитациядан өтті. Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясы олардың жұмыс істеуіне барлық мүмкіндікті қарастыратынын алға тартты.

Таяуда ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сай-
лауда халықаралық байқау жүргі-зетін ТМД атынан Байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенкомен кездесті. Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушыларының Қазақстанда өткізілетін сайлаулар мен референдумдарды халықаралық байқау жүргізуге тұрақты түрде қатысып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстанда халықаралық байқаушылар миссияларының толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын жеткізді.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстанда жүзеге асырылған конс-титуциялық реформа, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген негізгі жаңашылдықтарға тоқталды.

— Өзгерістер Құрылтайды қалып-тастыру кезіндегі электоралдық процестің кезеңдерін нормативтік реттеуге енгізілді. Депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар мен шектеулер жаңартылды. Атап айтқанда, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Құрылтай депутаттығына кандидат бола алмайды. Саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі регламенттеліп, олардың сайлау қорларының шекті мөлшері ұлғайтылды және бірқатар өзге де өзгерістер енгізілді, — деді Нұрлан Әбдіров.

Өз кезегінде Игорь Петришенко Қазақстанда өтіп жатқан сайлаудың айрықша тарихи маңызын атап өтіп, бұл ТМД атынан Байқаушылар миссия-сының Қазақстандағы жиырмасыншы, ал ТМД кеңістігіндегі 135-ші миссиясы екенін алға тартты.

Сонымен қатар, Нұрлан Әбдіров ТМД Парламентаралық Ассамблея-сының байқаушылар делегациясының басшылығымен кездесті. Жүздесу барысында алдағы Құрылтай депу-таттарын сайлауға дайындық барысы, миссияның жұмыс жоспарлары талқыланды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ТМД ПАА байқаушыла-рының еліміздегі сайлау науқандарын халықаралық байқау жүргізуге тұрақты түрде қатысып келе жатқанын және екіжақты ынтымақтастықтың көпжылдық тәжірибесін ерекше атап өтті. Нұрлан Әбдіров миссияның биылғы наурыз айында Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде өткен референдумда халықаралық байқауға қатысқанын еске салды. Сондай-ақ аталмыш ұйым байқаушылары тарапынан сол кезде көрсеткен кәсібилігі мен объективтілігіне жоғары баға берді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау инфрақұрылымының негізгі көрсеткіштері мен сайлаушы-ларды ақпараттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кездесу барысында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.

Әзірлеген – Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ