Мұсылман адам үшін ең ең маңыздысы бұл– елдің бірлігі, халықтың татулығы болып саналады. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сайлауға барып қатысып, дауыс беру бұл біздің негізгі міндетіміз болып саналады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әрі куәгерлікті ешқашан да бүгіп қалмаңдар» (Бақара сүресі 283).деп бұйырады. Бұл дегені адам баласы өзінің міндетін яғни дауыс беру құқығын қолдану керек. Сондай-ақ басқа аятта «Ал өзінде бар бір куәлікті Алладан жасырған біреуден асқан залым бар ма?! Һәм Алла сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес» (Бақара сүресі 140) деп ескертеді. Куәлік деген дауыс беру болып табылады. Куәлікті ешқашан жасыруға болмайды. Қазақстан елінде өмір сүріп жатқандықтан, еліміздің болашағы әрқайсымыз үшін маңызды болып саналады. Сайлау арқылы елдің қамын ойлайтын, халқына адал қызмет ететін, елдің дамуы мен болашағына еңбек ететін азаматтарды таңдауға өз үлесімізді қоса аламыз. Бұл дегеніміз дін жағынан үлкен науқанға белсенді болуға шақырады. Елдің келешегіне немқұрайлы қарап отыруға болмайтынын ақылды адам баласы әрқашан түсініп жүру керек. Ислам діні адамды қоғамға пайдасы тиетін, жауапкершілігі жоғары, белсенді тұлға болуға тәрбиелейді. Сондықтан елдің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоғамдық маңызды істерге атсалысу – әрбір мұсылманның игі ісі.
Еліміздің тыныштығы мен бірлігінің қадірін білген жан оның болашағына да жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан әрқайсымыз азаматтық міндетімізді орындап, сайлауға барып, дауыс беруге қатысайық. Алла Тағала еліміздің бірлігі мен берекесін арттырып, халқымызға амандық пен тыныштық нәсіп етсін. Әмин!
Павлодар облысының бас имамы
Жолдас қажы Қоспақұлы.
