Халық кеңесі: Ұлт мүддесі — бәрінен биік

Қаз 3, 2026

Өткен жұма күні Мемлекет басшысы Жаңа Ата заңға сәйкесқұрылған «Қазақстан Халық кеңесінің» құрамын бекітіп, алғашқытарихи сесиясында сөз сөйледі. Президент жаңа институттыңміндеті мен мақсатын айқындап айтты. Алғашқы кеңес мүшелеріпатриоттық азаматтардан құралғанын айтып, істеріне сәттіліктіледі. Сондай-ақ ұлттық идеологияның басты бағыттарынатоқталды.

Заманға сай жаңғырту

«Еліміздің ең жоғары консуль-тативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқысессиясының ашылуы баршаңызға құтты болсын!  Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн, шын мәнінде тарихи оқиға деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Халық Кеңесімемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ.   Қазір Қазақстан ауқымды өзгерістер кезеңінбастан өткеруде. Қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі реформалар іскеасырылуда. Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдемайтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады.   Біз билік жүйесін заманталабына сай жаңғырту ісін қолға алдық. Елімізде Халық Кеңесінің құрылуы соның бірайқын дәлелі екені анық» деп бастады сөзін Қ.Тоқаев.

Президент былтырғы халыққа Жолдауында бірпалаталы Парламент құру туралыбастама көтергенін еске салды. Аталған ұсыныс қоғамымызда қызу әрі кең ауқымдаталқыланды. Ел ішінде ашық, шынайы пікірталас болды. Азаматтарымыздың тарапынанмыңдаған ұсыныстар, ой-пікірлер айтылды.  Осылайша, талқылаудың соңы кейінгі 30 жылда болмаған мазмұны терең конституциялық реформаға ұласты.   Биыл 15 наурызда жалпыұлттық референдум арқылы тұтас елімізді өрлеу дәуіріне бастайтынқастерлі құжатты – Конституциямыз қабылданды.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі түйткілдерді ашық талқылайтын, жұрттыңұсыныс-пікірлерін сараптап, нақты шешімдер ұсынатын арнайы институт құруды көптенбері жоспарлап жүрдім.   Оның құрылымы, атқаратын жұмысы жөнінде ұзақ ойланғанын
айтты.

«Кеңестің атауын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға өзім ұсындым.   «Қазақстан Халық Кеңесі» деген атау жаңа институттыңжалпыұлттық сипатын көрсетеді. Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бірбастауы және егемендік иесі бұл – халық.  Сондықтан жұртшылықтың мүддесінқорғайтын бірегей органның атауында «Халық» сөзінің тұруы – өте қисынды, орынды, себебі, бұл – заңдылық.   Бұған қоса, «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы – Конституциядабекітілген бірыңғай әрі ресми нұсқа. Бұл жаңа органның мәртебесі биік, жауапкершілігіжоғары екенін айшықтайды.   Бұған дейін елдік істерге қатысты маңызды міндеттердіҚазақстан халқы Ассам-блеясы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Ұлттық Құрылтай және басқа да консультативтік-кеңесші органдар атқарып келді. Бұлинституттар өздеріне жүктелген тарихи миссияны толығымен орындады», деді Мемлекетбасшысы.

Президент мемлекеттік маңызы бар істерге белсене араласқан, отаншыл болудың озықүлгісін көрсеткен әрбір азаматқа шынайы ризашылығын білдірді.

Қазақстан Халық Кеңесінде ел ынтымағын күшейте түсетін тиімді, алдын ала мұқиятзерттелген бастамалар жүзеге асырылады.   Бұл қадам орасан зор мүмкіндіктерге жолашады.

Құрылтайға балама емес

Мемлекет басшысы «Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес» екенін бірденайтты.  «Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ. Бәрінің алдында тұрған басты мақсат: екі институт та бір-бірін толықтырып, бірлесеқызмет етуі керек. Сондықтан Халық Кеңесі мен Құрылтайдың комитеттері тығызбайланыста болып, үйлесімді түрде жұмыс істеуі қажет.   Алдымызда тұрған мақсат та – бір, Отанымыз да – бір. Сондықтан бәріміз біртұтас ел болып бір жеңнен қол, біржағадан бас шығарып, Қазақстан халқы үшін табанды қызмет етуіміз керек.   Заңжобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққандыескеру қажет. Құрылтай мен Халық Кеңесі әрқашанда бірге болса, осындай мүмкіндікміндетті түрде пайда болады.   Қазақстан Халық Кеңесіне этномәдени бірлестіктердің, аймақтық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардыңөкілдері кірді.   Осылайша мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, ауқымдыәрі біртұтас жүйесі қалыптасып отыр» деді Президент.

Мемлекет басшысы Біртұтас ұлт ретінде өскелең ұрпақ алдындағы аса жоғарыжауапкершілікті сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдағанымызды айтты. Сол арқылы болашағы жарқын, бағдары айқын Әділетті, Озық әрі Күшті Қазақстанның берікнегізі қаланды.  

Президент Қазақстан халқының бірлігін нығайту – өте маңызды мәселе екенін айтыпөтті. Сондықтан Қазақстан Халық Кеңесі сабақтастықты сақтап, Қазақстан халқыассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың дәстүрі мен үздік тәжірибесін жалғастыруықажет.   Бұл ретте бүкіл жұмыстың сапасын жаңа саяси және ұйымдастыру деңгейінекөтерген жөн.

«Қабылданған шешімдер мен жүргізіліп жатқан реформалардың салдары этномәденибірлестіктерге қалай әсер етеді деген орынды сауал, тіпті алаңдаушылық туындағанынбілемін.   Қазақстан халқы ассамблеясы, шын мәнінде, өз жұмысын аяқтады. Бірақ бұлұйым аясында қалыптасқан пайдалы институционалдық инфра-құрылым керексіз болыпқалады дегенді білдірмейді.   Сіздерге турасын айтайын: Қазақстан халқыассамблеясының бірегей тәжірибесі ешқашан тарих қойнауына кетпейді, керісінше,
Халық Кеңесінің жұмысында қолданылады.  Жаһанды тұрақсыздық жайлап, дүрбелеңгетолы кезеңге тап болдық. Алпауыт мемлекеттердің арасындағы сенімге селкеу түсті. Осындай жағдайда Қазақстандағы уақыт тезінен өткен этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік үлгісі алдағы уақытта да еліміздің қарқынды, орнықты дамуынаберік негіз болады.   Біз этномәдени орталықтарға, театрларға, бұқаралық ақпаратқұралдарына барынша қолдау көрсетеміз. Бұл – мемлекеттің конституциялық міндеті» деді Президент.

 Этномәдени бірлестіктердің өкілдері жоғары конституциялық мәртебеге ие болғанҚазақстан Халық Кеңесінің құрамына да енді. Бұрын парламент квотасына сай СенатқаҚазақстан халқы ассамблеясының 5 мүшесі ғана өтетін. Ал енді Халық Кеңесініңқұрамына этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі кірді.   Яғни олар Кеңес мүшелерініңүштен бірін құрайды. Еліміздің орнықты әрі табысты дамуы тұрғысынан ҚХА миссиясының маңызды екеніне осы айқын дәлел.

«Қазіргі міндетіміз – өнімді жұмыс істеу.   Ең алдымен, этносаралық жәнеконфессияаралық келісімді нығайту тәсілдерін жоғалтпай, оны одан әрі жалғастырыпәкеткен жөн.   Халық Кеңесі бірлік пен келісімнің жаңа тұжырымы әзірленетін орталықбола алады.  Алайда жаңа мүмкіндіктер айрықша жауапкершілік жүктейтінін де ескергенжөн. Дұрыс шешімді талап ететін түйткілдер шаш-етектен», деді Қ.Тоқаев.

Ұлтты ұйыстыратын – мемлекеттік тіл

Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлтты ұйыстыратын мәселелерге де тоқталды. Соның бірі де бірегейі –
мемлекеттік тіл.

«Осыған дейін бірнеше мәрте айтқанмын: ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесінбекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.   Бұрын болжаммен, долбармен ғанаайтылатын жағдай қазір шындыққа айналды. Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіптісаяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды. Әсіресе, жастарымыздыңқазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады.   Ана тіліміз мемлекеттік тіл ретіндесұранысқа ие, ұлттық мәдениетімізді, болмысымызды шырайлы да шұрайлы туған тілімізарқылы көрсетеміз. Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісінеайналды. Мұның бәрі – толеранттық пен сенімге негізделген ортақ жұмыстың нәтижесі.   Алайда бұл басқа тілдерден бас тарту керек дегенді білдірмейді, әрі оларды шеттетугеқұқық бермейді.   Өздеріңізге мәлім, Конституцияда тіліне, тегіне, ұлтына, дiникөзқарасы мен нанымына немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсітугетыйым салынған.   Соған қарамастан ара-тұра кейбір тісқаққан арандатушыларәлеуметтік желіде ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды.   Мына нәрсенітүсінген жөн. Олардың көздегені біреу – қоғамды әлсіретіп, Қазақстанның Егемендігіненұқсан келтіру, елді бірліктен айырып, бейбіт, алаңсыз өміріміздің астаң-кестеңіншығару.   Расында олар балаларымыз бен немерелеріміздің бақытты болашағыныңтамырына балта шапқысы келеді.  Сондықтан құқық қорғау органдары мен тұтас қоғамбұған табанды түрде қарсы тұруы керек.  

Аймақтармен тығыз байланыста

Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесінің тағы бір маңызды міндеті –  аймақтармен тығыз байланыс орнатып, олардың мүддесін қорғау екенін айтты.  Кеңестіңүштен бір бөлігі – аймақтан келген өкілдер. Олардың қатарында мәслихат депутаттарымен қоғамдық кеңес мүшелері бар.   Бұл – жергілікті жердегі мәселелер республикалықдеңгейде көтеріледі деген сөз.  

«Қоғамда «Сенат жұмысын тоқтатқан соң өңірлердің мүддесі ескерусіз қала ма?» деген сұрақ болуы мүмкін. Тіпті болған деп айтсақ та, қате емес. Бірақ, алаңдауғаешқандай негіз жоқ.   Аймақтардың үні бұдан былай Құрылтай мен Халық Кеңесіарқылы мемлекеттік органдарға жететін болады. Ауылда, ауданда, облыста нақты ісіменхалықтың ықыласына, құрметіне ие болған азаматтар аз емес.   Халық Кеңесі осындаймықты тұлғаларды елге танытып, олардың қабілетін одан әрі шыңдауға мүмкіндікберетін мекеме болмақ. Мен бұған кәміл сенемін. Мәслихаттар Парламентпен тығызбайланыста жұмыс істейді. Олар аймақтағы мәселелерді орталыққа жеткізіп, заңдардыжетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын тұрақты түрде беріп отырады» деді Қасым-ЖомартКемелұлы.

Жас ұрпаққа  — айрықша назар

Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа баса назар аудару керектігін ескертті. Себебі, олар—
ел болашағы.

«Өскелең ұрпаққа айрықша назар аудару керек. Бұл да – Халық Кеңесінің міндеті.  Оқушылар мен студенттер сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылдану, жаңа білім игеру, кітап оқу секілді көкжиегін кеңейтетін жасампаз істерге ден қоюға тиіс.   Ол үшінкітапхана, музей, мектеп, достық үйлері, саябақтар сияқты қолда бар инфрақұрылымдыбарынша жұмылдыру керек. Сонымен қатар басқа да қоғамдық нысандарды көбейткенжөн.    Мұны тек үлкен қалаларда ғана қолға алмай, шағын шаһарлар мен ауданорталықтарына, ауылдарға баса назар аудару маңызды. Қоғамдық ортаның сапасыадамның тұрғылықты жеріне байланысты болмауға тиіс.   Үкіметке әкімдіктермен жәнетиісті мемлекеттік органдармен бірігіп, осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстардайындауды тапсырамын.   Қазақстан Халық Кеңесі мемлекет пен жекеменшіксеріктестігі тетігін нақты істе қолдану мәселесіне назар аударуы керек.   Мәдениет пен креативті индустрия саласындағы жобаларды ұзақ уақыт бойы қаржыландыруғамүмкіндік беру үшін эндаумент қорлар туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет.   Басқашаайтқанда, біз азаматтарымыздың қоғам өміріне жан-жақты атсалысуына барынша жағдайжасауға тиіспіз.   Өйткені үлкен өзгерістер кішкене қадамдардан басталады. Ұлт пен адами капиталдың жаңа сапасы дәл осылай қалыптасады» деді Президент.

Ауқымды өзгерістер үдерісі билік тармақтарын жаңғыртумен тоқтап қалмайтыныанық.  Әділетті, Озық, Таза, Күшті Қазақстанды құру жолындағы кешенді жұмыстыүздіксіз жалғастыра береміз.  

«Біз реформаларды табысты жүзеге асырып, еліміздің тұрақты өсіп-өркендеуі үшінмызғымас негіз қалыптастыруымыз қажет.   Бұл үшін қоғамдық сананы өзгертуімізкерек. Басқа сөзбен айтсақ, халқымыздың санасының өзегінде білімпаздық, ұқыптылық, жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттері тұруға тиіс.   Себебі заңға бағыну, елге жанашырболу, табиғатқа қамқор көзбен қарау, тазалықты сақтау – мұның бәрі де озық ойлы ұлтқатән маңызды құндылықтар.   «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» бастамаларының басты мақсаты да – осы құндылықтарды қоғамда түпкілікті орнықтыру» деді Қ.Тоқаев.

Президент  Қазақстан Халық Кеңесін баламасы жоқ, мүлде жаңа, инновациялықинститут» деп атады.  Әділетті Қазақстанның жарқын символы саналатын бұл құры-лымның жөні де, жолы да өзгеше. Сондықтан, Кеңестің алғашқы мүшелеріне зоржауапкершілік жүктеледі.  Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы құрамына кәсіби, отаншыл, қоғамдағы беделі жоғары, мықты азаматтар енгенін атап өтті.

«Бүгін біз алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап алдық. Қоғамымыз сіздерге зор үміт артып отыр.   Өздеріңізге жүктелген тарихимиссияның мән-маңызын терең түсініп, мемлекет мүддесі үшін табанды қызмет етесіздердеп ойлаймын.   Баршаңызға табыс тілеймін!   Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін!» деді Қ.Тоқаев.

Әзірлеген – Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.