Бұл туралы Үкіметте өткен жиналыста Премьер-министр Олжас Бектенов еске салды. Үкімет басшысы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды.
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды цифрлық ортада қорғау мәселесі қазіргі уақытта өзекті. Токенизация нарығы мен криптоиндустрияның белсенді дамуы аясында алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болып жатыр. Осы айда Қаржылық мониторинг агенттігі криптовалюта түрінде шағын несие беру желеумен жүргізілген заңсыз әрекеттің жолын кесті.
«Уәкілетті органдар алдағы уақытта да азаматтарды цифрлық ортада қорғауды қамтамасыз етуі қажет. Бұған жаңа Конституцияда кепілдік берілген. Жасанды интеллект министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы саладағы заңнаманы жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүргізуі тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.
Жалпы, Үкімет отырысында Қазақстандағы цифрлық активтер нарығын дамытудың жаңа кезеңіне көшу бағыты лайқындады. Қазірдің өзінде қажетті негізгі жағдай жасалды. Ендігі міндет – инвестициялар мен технологиялар тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін толыққанды экожүйе қалыптастыру.
«Мемлекет басшысы еліміздің технологиялық жаңғыруына қатысты маңызды міндеттер қойды. Цифрлық активтер саласы Қазақстан экономикасында мүлдем жаңа бағыт болып отыр. Оның дамуына қажетті негізгі жағдайлардың бәрі жасалды. Енді толыққанды экожүйені қалыптастыру кезеңі жүріп жатыр. Яғни, бұл инвестициялар мен жаңа технологияларды тартып, отандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр инфрақұрылымдық жобалар, жылжымайтын мүлік және экономиканың басқа да салаларына инвестиция тартудың тағы бір тиімді құралы ретінде нақты активтерді токенизациялау әлеуетін атап өтті.
Ендігі кезекте цифрлық активтер мен жаңа қаржы құралдарын біртұтас қаржы және технология желісіне ықпалдастыру қажет. Нақты активтерді токенизация жасауға баса көңіл бөлу керек. Бұл экономикаға қаражат тартудың тағы бір тиімді құралына айналады. Бізде ірі инфрақұрылымдық жобалар, жылжымайтын мүлік нысандары, шикізаттық және басқа да активтер бар. Осы жобаларға қосымша қаражат тарту үшін токенизацияны пайдалануға болады. Яғни, салынып жатқан кез келген ғимаратты немесе жобаны инвесторлар қаржыландыра алатын цифрлық үлестерге бөлуге болады. Мұндай жобаға кез келген адам акционер ретінде қатыса алатын атап өтілді.
Бірақ қалайда Жаңа Конституцияның талабына сәйкес жеке азаматардың киберқауіпсіздігі алдыңғы орында ескеріледі.
Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.
