Photo Valeriy BUGAYEV

Облыс орталығындағы Иса Байзақов көшесінде орналасқан медициналық колледждің жатақханасы қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өтті. Мұндай ауқымды жұмыс 1969 жылы бой көтерген нысанда алғаш рет жүргізілген. Заманауи жатақханада студенттер мен жас мамандар орналасқан.

 

Өткен аптада облыс әкімі Асайын Байханов аталған нысанның жұмысымен танысып, студенттер, жас мамандар, ұстаздар және ата-аналармен жүздесті. Қайта қалпына келтірілген жатақханада 65 бөлме бар. Оның 35-сі студенттерге, 30-ы жас мамандарға арналған.

«Павлодар Ремкоплекс» жауап-кершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Марина Киева жатақханадағы құрылыс жұмыс-тары 2023 жылдың тамыз айында басталып, биыл ақпан айында аяқталғанын айтты.

– Бұл орында медициналық колледждің әкімшілігі орналасқан болатын. Енді нысан заманауи тұрғын үй кешеніне айналып отыр. 1960 жылдары салынған ескі ғимараттан қабырғалар мен терезе жақтаулары ғана қалды. Басқасының бәрі толығымен ауыстырылып, жаңа кейіпке енгізілді. Бұл ретте нысанның қасбеті, жылу, электер және су жүйелері жаңартылды. 65 бөлменің барлығы заманауи жиһаздармен жабдықталған. Бірінші қабатта оқу залы, асхана, дене шынықтыру залы, коворкинг те орналасқан, – деді М.Киева.

Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры Бақыт Қасымованың айтуынша, 5 қабатты ғимараттың 1-3-қаба-тында студенттер, 4-5-қабатында жас мамандар тұрады. Жатақхана 189 адамға шақталған. Оның 121 – студент. Жас мамандардың ішінде отбасылар да бар. Баласы бар жанұяларға екі бөлмелі жатақхана берілген.

Медициналық колледждің 1-курс студенті Алина Самсонова Абай облысынан келген. Ол жатақханада барлық жағдай жасалғанын айтты. Болашақта оқуын тәмамадаған соң, Павлодар қаласында еңбек еткісі келетінін де жасырмады.

Ал Рауян Анарханова есімді жас маман Астана қаласынан келген. Қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасында реабилитолог дәрігері болып еңбек етуде.

– Павлодар қаласында жас дәрігерлерге еңбек ету үшін барлық жағдай жасалуда. Астана қала-сында медициналық университетті тәмамдаған соң, Павлодар қаласына келдім. Шаһардың дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Тұрғындары өте қарапайым. Облыстық балалар ауруханасына жұмысқа тұрғанымда мекеме ұжымы мені жылы қабыл-дап, қолдарынан келген көмекті аямады, – дейді жас маман.

Әлішер және Ақбота Келібаевтар жатақханадан екі бөлме алған-дарына қуанышты. Ақбота облыстық балалар ауруханасында анестезиолог болып жұмыс істейді.

– Бір ай бұрын жатақханаға орналастық. Бұған дейін пәтер жалдап тұрдық. Жолдасым екеуіміздің бір сәбиіміз бар. Бөлмеде ас үй, жуынатын бөлме, электр плитасы, тоңазытқыш, микротолқынды пеш-бәрі бар. Мұнда тек коммуналдық төлемді ғана төлейтін боламыз. Жас мамандарға жасалған мұндай көмек үшін алғысымды білдіремін. Болашақта өз баспанамызға қаражат жинайтын боламыз, – дейді Ақбота Келібаева.

Жас мамандар орналасқан қабатта заманауи жиһаздар орналасқан демалыс аймағы, балаларға арналған ойын бөлмесі де қарастырылған.

– Қазір облыстар арасында жас мамандарға деген бәсеке өте жоғары. Жас мамандарды жұмыспен қатар баспанамен
қамту – негізгі мәселе. Алдағы уақытта ескі онкологиялық диспансердің ғимараты да жатақханаға айналатын болатын. Оның бір бөлігіне жас мамандарды орналастырамыз. Бұдан бөлек, Ертіс, Ақтоғай, Шарбақты, Успен және Аққулы аудандарында 24 пәтерлі үйлер салынады. Сапалы медицицналық қызмет көрсету білікті кадрларды дайындаумен тікелей байланысты. Студенттерде тұрғын үй мәселесі шешілгеніне қуаныштымын. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады, – деді Асайын Қуандықұлы.

Кездесуде ата-аналар қауымы мен медицицна саласының ардагерлері аймақ басшысына ризашылық-тарын жеткізді.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.