Аймағымызда ротавирус  инфекциясы бойынша жағдай

тұрақсыз. Жыл басынан бері бұл диагнозбен 100-ге жуық адам

ауырған.

 

Ротавирус – асқазан мен ішек жолдарын зақымдайтын инфек-ция. Балаларда ауыр диарея тудырады.

Облыстық  санитар-лық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Досжанованың айтуынша, биыл ротавирусты 98 адам жұқтырды. Өткен жылдың сәйкес кезеңі-
мен салыстырғанда індет тоғыз есе өскен. 2023 жылы тек
11 жағдай тіркелген.

– Әрбір бала 7 жасқа дейін ротавирусқа шалдығады. Бұл жастан үлкен балалар да осы дертті жұқтыруы мүмкін. Көп жағдайда инфекцияның 95 пайызы мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Осы індетті жұқтырғандардың 90 пайыздан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар, – дейді ол.

Ротавирус инфекциясы сүт өнімдерінде жиі кездеседі. Ағзаға түскен вирус ішек жолдарын зақымдайды. Салдарынан  құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер болады. Бала ауруды ротавирус бар су айдындарында немесе науқас адам қолданған жуылмаған ыдыс-аяқтар, ойыншықтар арқылы жұқтыруы мүмкін.

Маман аурудың алдын алу үшін жеке бастың гигиенасын сақтауға, қолды жиі жууға, жеміс-жидектер мен көкөністерді жууға, қайнамаған су ішпеуге кеңес береді.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.