Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлім етті. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, индустрия және инфрақұрылымды дамыту және ішкі істер министрліктерінің аумақтық бөлімшелерінде тіркелген.

- Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты іс жүргізілуде. Қазіргі уақытта Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімшесінің тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық процеске қатысы бар екі адамнан 130 мың теңге көлемінде ақша алу фактісі бойынша тергелуде. Сондай-ақ, облыстық полиция департаменті криминалдық бөлімшесінің бастығы қылмыстық жауап-кершілікке тартпау үшін кәсіпкерден 700 мың теңге ақша алғандығы анықталды. Ол бойынша тиісті процес- тер жүргізілуде. Айта кету керек, криминалдық бөлім- шенің бастығына қатысты іс 2017-2018 жылдары ол облыстық полиция департаментінің қызметкері болған кезде жүргізіле бастаған, - дейді Дархан Құрақбаев.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында арнайы жедел іздеу шараларын жүргізу барысында республикалық «Қазақстан су жолдары» мемлекеттік кәсіпор- нының бас директоры орынба-сарының заңға қайшы әрекеті әшкереленген. Ол кәсіпорынның павлодарлық филиалында жалған келісімшарт жасау арқылы 2,4 млн. теңге көлеміндегі қаржыны жымқырмақ болған. Бұдан бөлек, Ленин кентінің әкімі және мердігер ұйымының басшысы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жұмсағаны үшін сотқа берілді.

Дархан Құрақбаев жалпы тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қатары азайғанын да тілге тиек етті. Мәселен, 2018 жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жалпы саны 19,5%-ға азайған.

 

Мереке АМАНТАЙ

saryarka-samaly.kz