Аймақ басшысы әр аптаның сейсенбі күні «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайтыны белгілі. Бұл жолы облыс әкімінің қабылдауына 9 адам жазылған. Олардың бірі дәрігер-неонатолог болып жұмыс істейтін қызына тұрғын үй сертификатын беруді сұрады. Болат Жұмабекұлы денсаулық сақтау басқармасы мен өтініш білдірушінің қызы жұмыс істейтін медицина мекемесінің басшысына аталған мәселені мұқият қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Б.Бақауов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында:

- Жалпы, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына Павлодар облысы бойынша бастапқы жарна үшін тұрғын үй сертификатын берген жағдайда, қанша педагог пен медицина маманы үй алуға дайын екендігін есептеуді тапсырдым, - деп жазба қалдырған.

 

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz