Коронавируспен ауырғандардың саны өсуде. Өткен аптада облыста тағы 22 науқас анықталды. Біздің алты жерлесіміз ауыр жағдайда. Вирус адамның жасына қарамайды. Науқастар арасында бес айлық нәресте де, 84 жастағы зейнеткер де бар. Вирус адамның тұратын жерін де таңда-майды. Коронавирус бұрын тек облыс қалаларында болса, қазір Баянауылдың үш тұрғыны осы ауруға шалдықты. Індет адамның айналысатын қызметіне де қарамайды. Олардың арасында медицина қызметкерлері, үй шаруа-сындағы әйелдер, саябақшылар да бар.

Құрметті жерлестер! Ешкім де коронавирус қаупінен сақтанбаған. Бірақ оны тоқтату - біздің қолымызда. Ол үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Өкінішке қарай, облыс тұрғындарының көпшілігі қоғамдық жерлерде маскасыз жүріп, арақашықтықты сақтамайды. Бұл жағдай індеттің таралу қаупіне әкелуі мүмкін. Кезекте тұрғанда, қоғамдық жерлерде бетперде тағып, топталып жиналмауымыз қажет. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандары қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау шартымен ашылған болатын.

Сондықтан облыс тұрғындарын жауап-кершілік танытып, жаңа шектеулерге жол бермеуге шақырамын. Біз қаншалықты тәртіпті болсақ, соншалықты тез қалыпты өмірге қайта ораламыз. Өзіңізге, жақындарыңызға және айналаңыздағы адамдарға қамқорлық жасаңыз! Дендеріңізге саулық тілеймін.

 

Әбілқайыр СҚАҚОВ, Павлодар облысының әкімі.

saryarka-samaly.kz