Ұлттық домбыра күні қарсаңында Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде «Дала әуені» атты көрме ашылды. Онда ұлттық фольклордың көрнекті өкілдерінің суреттері бейнеленген. Сондай-ақ, қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспабы — домбыраға арналған музей қорын-дағы қазақстандық суретшілердің жұмыстары ұсынылған.
Экспозицияда казақ ұлттық фольклорының көрнектілігін көрсететін суреттер, сондай-ақ домбыраға арналған кескіндемешілердің жұмыстары қойылған. Онда ұлттық аспаптың тарихы мен эволюциясы туралы әңгімелерді бейнелейтін шығармаларды кездестіруге болады. Көрмеде қазақ халқының дүние-танымы мен оның әлемге деген көзқарасының көрінісі ретінде 32 көркем және сәндік-қолданбалы туынды да орын алды.
Жергілікті белгілі суретшілер өз туындыларында домбыра, атақты күйшілер, өнер тарландары туралы мәліметті кенеп бетіне тың шабытпен бейнелеген. Кескіндеме шеберлерінің шығармаларында Құрманғазы, Дина Нұрпейісова және Жаяу Мұсаның портреттері бар.
– Суретшілердің қиялында шек болмайды. Әр суретке қайта оралып қарай беріп, түрлі ойға шомып, таңданысымызды жасыра алмай тұрмыз. Біз оны қалаған уақытымызда келіп көре аламыз. Сол үшін мың алғыс! – дейді сурет көрмесін тамашалаған қала тұрғыны Зияда Жұмекенқызы.
Аталмыш көрме маусым айының 30-ына дейін жалғасады.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.