Аймағымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Ертіс орманы» табиғи резерватына да барып, өрт сөндіру станциясының жағдайымен таныс болды.

Министр Шалдай филиалының өрт сөндірушілерімен кездесіп, резерваттағы техникалар мен құрал-жабдықтардың жай-күйін  көрді. Сонымен қатар, ол орталық диспетчерлік қызметтің жұмысына қанық болып, Садықащы орманшылығының өрт сөндіру бекетіне барды. Бұдан кейін «Шалдай-2023» атты орман-дала өртінің туындауына байланысты төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталған оқу-жаттығу шарасына қатысты. Оған өңірдегі өртке қарсы жасақ, полиция, әкімдік және өзге де мемлекеттік мекемелердің өкілдері атсалысып, 15 техника мен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Н.АҚЫТЕГІ.