Талантты жас спортшы

Нау 13, 2025

Бұл жасөспірімнің аты-жөні – Жан Шынғожа. Жасы 14-те. Спортқа жаны құмар ол бүгінде Павлодар қаласындағы №21 орта мектепте білім алады.

Жан 6 жасынан бастап спорттың тхэквондо түрімен айналысады. Бүгінге дейін жеткен жетістіктері де баршылық. Мәселен, 2018 жылы Армения елінде өткен жарыста Еуропа кубогының күміс жүлдегері, 2022 жылы Кипр Республикасындағы сайыста Еуразия кубогын иеленсе, сол жылы ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды. Бүгінде бұл спорт түрінен қара белбеудің иесі және спорт шеберіне кандидат. Жанның әжесі Бақтылы Алтыбасарова ер баланың кішкентай кезінен спортты серік еткені жөн екендігін айтады. Сол себепті немересін ерте жастан спорт үйірмесіне беруді құп көрген.

— Жалпы, спорт кез келген адамның денінің саулығы үшін қажет. Немеремнің спортқа қызығушылығы жоғары болғанына қуанамын. Кішкентай кезінен спортқа жаны жақын болды. Бойындағы қабілетін байқап әрі меселін қайтармай, спорт үйірмелеріне бердік.

Қазіргі таңда тхэквондоға барып жүр. «Спорт – деннің саулығы» дегендей, бірінші дендері сау болады. Ал екіншіден жетістікке жетіп, абыройы асқақтап жатса, онда біздің мерейіміздің тасығаны. Біз тек қуанамыз, — дейді ол.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.