Сәттілік саған, Диляра!

Сәу 10, 2025

Мектеп – бұл тек білім мен тәрбие алу ордасы емес, сонымен қатар жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыратын алаң. Біздің лицей-мектебімізде жас ғалымдардың көп болуы мектептің шығармашылықты қолдайтынын, жаңашылдыққа ұмтылатынын, оқушылардың білімге деген құштарлығын оятатынын көрсетеді. Солардың бірі — 5-сынып оқушысы, оқу озаты Диляра Дожкенова.

Диляра – білім мен ғылымға деген ерекше қызығушылығымен көзге түскен оқушы. Ол қалалық және облыстық деңгейдегі «Зерде» ғылыми жобалар байқауына «Этномәдениет» бағыты бойынша қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен. Бұл оның зерттеуге, жаңашыл идеяларға деген құштарлығын дәлелдейді.

Сонымен қатар, Диляра — мектеп өмірінің белсенді мүшесі. Ол мектепішілік байқауларға қатысып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, өз білімін тек теория жүзінде емес, практикалық тұрғыдан да дәлелдеп келеді. Осындай белсенділігі мен үздік жетістіктерінің арқасында достары мен мұғалімдерінің арасында құрметке ие.

Жас ғалымды сөзге тартып, алдағы күнге жоспарларын, арман-тілектерін білгіміз келгенде, оның өскенде мұғалім болғысы келетінін және мұндай шешімге келуіне әжесі мен ғылыми жетекшісі Гүлия Мейрамқызы әсер еткенін білдік. Әңгіме барысында Диляра «Ата-анамды қуантып, сенімдерін ақтап, еліміздің дамуына өз үлесімді қосып, балаларды білім нәрімен сусындатқым келеді» деді.

Диляраның жетістіктері – жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыратын жарқын үлгі. Ол алдағы уақытта да биік белес-терді бағындырып, еліміздің мақтанышына айналары сөзсіз. Диляра жуырда ғылыми жобаның республикалық кезе-ңінде мектеп қана емес, облыс намысын қорғау үшін Алматы қаласына аттанды.  Нәтижесінде Алғыс хатпен марапатталды.

Әңгімелескен — Аружан ЕРСАЙЫН,

Әлихан Бөкейхан лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы.

«Жас журналист» үйірмесінің мүшесі,

Павлодар қаласы.