28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Saryarqa samaly» газетінің ұжымына түрлі марапаттар табыс етілді.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, билік пен халықтың арасына алтын көпір болып жүрген журналистер қауымын министрліктер, партиялар, Қазақстан Журналистер одағы, өңірдегі бірқатар басқармалар, аудан әкімдіктері мен өзге де мекемелер марапаттап, кәсіби мерекемен құттықтады.
Атап айтар болсақ, редакция ұжымына Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Бертымұратов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының Алғыс хаттары жолданды. Басылымның бас редакторы Нұрбол Жайықбаев Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Палодар облысы бойынша департаменті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың Алғыс хаттарымен марапатталды. Шеф-редактор Құндыз Қабылденоваға облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаттары табысталды. Газет шолушысы, тәжірибелі журналист Гүлжайна Түгелбай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғыс хатымен марапатталып, облыс әкімінің грантына ие болды. Сондай-ақ, оған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Алғыс хаты берілді. Беттеуші Маржан Шекеноваға да облыс әкімінің гранты бұйырды. Басылым шолушысы Нұржайна Шодырға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хаты, Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасы, облыстық білім беру басқармасы және Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұловтың Алғыс хаттары табыс етілді. Шолушы Айдана Қуанышеваға облыстық ішкі істер және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хаттары жолданды. Басылым тілшісі Айдана Боранбаеваға Павлодар қаласы әкімінің гранты беріліп, Иса Байзақов атындағы облыстық филармония, облыстық білім беру басқармасы, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының Алғыс хаттары жолданды. Ал фототілші Есенжол Исабек Иса Байзақов атындағы облыстық филармония мен «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Өңірлік коммуникациялар қызметі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Павлодар облысы бойынша филиалы журналистер мерекесіне орай тәтті сыйлықтар тарту етті. Қаламгерлер қауымының еңбегін елеп, ілтипат көрсеткен барлық мекеме өкілдеріне «Saryarqa samaly» газеті редакциясының ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Н.АҚЫТЕГІ.