Серікке сенім артамыз!

Шіл 3, 2025

Бүгінде Астана қаласында бокстан Әлем кубогы турнирі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Серік Теміржанов та бақ сынауда.  

Әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Серік Теміржанов бұл турнирде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұрнағы күні алғашқы қарсыласы – аустриялық Джейкоб Кассармен қолғап түйістірді. Алғашқы раунд толығымен біздің боксшының басымдығымен өтсе, екінші, үшінші раундта аустриялық боксшы 3:2 есебімен басым түсті. Қорытынды есеп – 4:1. Сөйтіп, Серік бірінші раундтағы айқын басымдығының арқасында бұл кездесуде жеңіске
жетіп, ширек финалға жолдама алды. Бұл айналымда жерлесіміз кореялық Шунсуке Китамотомен қолғап
түйістіреді.

Айта кетейік, «World boxing» ұйымы Астанада алғаш рет Әлем кубогының үшінші кезеңін өткізіп жатыр. Бұл жарысқа 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы жиналды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.