Құтқарушылар аллеясында Павлодар облысының әскерге шақырылушыларын ҚР ТЖМ Азаматтық қорғанысының Семей қаласындағы №68309 әскери бөліміне әскери қызмет өткеру үшін шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Жыл сайын төтенше жағдайлар минситрлігіне сарбаздар арнайы шақыртумен аттанады. Биыл өңірі-мізден 25 сарбаз қатарға алынған.
«Өңірдегі департамент қызметкерлерінің сөзінше, жыл сайынғы шақыртылым жүз пайыз орындалады», дейді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ерлан Қасымов.
— Төтенше жағдайлар министрлігінің республика аумағында 5 әскери бөлім бар. Олар Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Ұзынағаш және Ақкөл қалаларында орналасқан. Жыл сайын осы бөлімдерді әскери сарбаздармен толықтырамыз. Күзгі және көктемгі әскери шақыртылым кезінде осы бөлімдерге де сарбаздарды іріктейміз. Аталған әскери бөлімдерге облыс атынан барған сарбаздар төтенше жағдайларды жою, олардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді. Жергілікті атқару органдарына қызметтік бағытта көмек көрсетіп, профилактикалық жұмыстарға қатысады. Бұл сарбаздар қызметтік борыштарын өтеп келген соң бізбен бірге осы салада жұмыстарын жалғастыра алады, — деді ол.
Іс-шара барысында азамат-тардың туыстары келіп, оларға жылы лебіздерін білдіріп, шығарып салды.
— Өз басым Отан алдындағы борышымды атқарғаныма биыл 46 жыл болады. Ал қазір менің немерем әскери борышын өтеуге аттанбақ. Немере ғой, аздап толқу бар. Алайда Отан алдындағы борышын өтеу әрбір перзенттің парызы болғандықтан, оған тек ақ жол тілеймін, — дейді Мұрат Ахметжанов.
— Аталған әскери бөлімде қызмет етуге өз еркіммен келістім. Оған себеп болған — құтқарушы туралы фильм, — дейді әскерге аттанушы Жастілек Рамазанов.
– Бұл әскердің басты артық-шылығы – адамдарды құтқару, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халыққа пайда әкелу. ТЖМ қатарындағы қызмет ұлттық ұландағы қызметтен өзгеше. Әскерден кейін өрт сөндіру қызметіне орналасып,
осы салада мансабымды жалғас-тырғым келеді. Ең қызығы – біздің әулеттен ТЖМ әскери бөліміне алғаш болып мен бара жатырмын. Бұған дейін туыстарымның ешқайсысы бұл салада қызмет етпеген, — дейді ол.
Айта кету керек, төтенше жағдайлар министрлігіне бағы-нышты әскери бөлімдерде қызмет еткен сарбаздарға академияға түсу барысында жеңілдіктер қарастырылады.
Сара ӘБДОЛ.
