Ел құрметіне бөленді

Шіл 10, 2026

Ветеринария қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жерле-сіміз Ұйымшыл Аймолдинге «Еңбек ардагері» мемлекеттік медалі табысталды.

Железин ауданы Майлы ауылының ветеринарлық пунктінің меңгерушісі, сала ардагері.  Ұйымшыл Қайырбайұлы 42 жылдан астам уақытын өңірдегі ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және оны дамытуға, жануарлар арасындағы түрлі аурудың таралуының алдын алу жолында қажырлы еңбек етуге жұмсаған.

Ұйымшыл Аймолдин 1982 жылы Павлодар совхоз-техникумын «Ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал еңбек жолын совхоздарда ветеринар-техник болып бастап, кейін жеке ветеринарлық тәжірибемен айналысқан. Сондай-ақ, Железин аудандық аумақтық басқармасында мемлекеттік ветеринарлық инспектордың жетекші маманы, кейін лицензияланған ветеринарлық фельдшер және ветеринарлық пункт меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2015 жылдан бері Павлодар облыстық ветеринарлық станциясының Железин ауданы Озерное ауылындағы ветеринариялық пунктінде ветеринарлық фельдшер әрі ветеринарлық пункт меңгерушісінің міндетін атқарушы болып еңбек етіп келеді.

Сара ӘБДОЛ.