Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде жаңа оқу жылынан бастап 30 талапкер білім алмақ. Қабылдау комиссиясына барлығы 36 талапкер құжат тапсырған.

Қабылдау емтиханы алдында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры Қайыргелді Арман талапкерлерге білімді Алла ризалығы үшін алу керектігін және ықылас-ниет, көркем мінез жайлы насихаттар айтып, білім алушыларға сәттілік тіледі. Комиссия құрамында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы, комиссияның төрағасы Жаңабай Қожин, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы және аталмыш медресе-колледждің директоры Қайыргелді Арман болды.

Айдана БОРАНБАЕВА.