Облыс орталығында мүгедектігі бар балалардың мәселесі көтерілді. «Достық үйінің» мәжіліс залында «Алтын бата» қоғамдық қорының ұйымдастыруы-
мен «Мүгедек жастарды қолдаудың өзекті мәселелері: денсаулық сақтау»
атты кездесу өтті.

Шара облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Жиынға мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сондай-ақ, мүгедектігі бар жастар мен олардың ата-аналары қатысты. 14 пен 35 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған ақпараттық ресурстық кеңсенің үйлестірушісі Елена Лузянинаның айтуынша, бұл шара алғаш рет ұйымдастырылуда.

— Мұндай басқосулар бірнеше мәрте өткізіледі, бірақ басқа бағыттар қамтылатын болады. Мәселен, біз бүгін денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді қарастырамыз. Бұл салада да мүгедектігі бар балаларға қатысты мәселелер баршылық, – деді ол. Мүгедектігі бар балалардың тісін емдеуде айтарлықтай мәселелер бар.

— Тіс емдеу – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін өте өзекті мәселе. Айталық, Кенжекөл ауылының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі баласын емдеуге жекеменшік тіс емханасына апарғанда осы қызмет үшін 360 мың теңге көлеміндегі қаражат сұраған. Осындай өзекті мәселелерге назар аударып, оларды шешудің жолдарын қарастырамыз, – деді Е.Лузянина. Бірнеше күнге созылған шарада денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мүгедектік беру мәселелері қамтылды. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Т.ӘБІЛДА.