- 1940 жылы Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлағаны үшін «Ленин» орденімен марапатталды;
* * *
- 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Сол жылы «Жезқазған ауданының
кен орындары» ғылыми еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды;
* * *
- 1943 жылы КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды;
* * *
- 1944 жылы «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы берілді;
* * *
- 1945 жылы тыл ресурстарын жұмылдырғаны үшін екінші «Ленин» орденімен және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталды;
* * *
- 1957 жылы Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге жұмылдыру үшін үшінші «Ленин» орденімен марапатталды;
* * *
- 1958 жылы Қаныш Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар тобы Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық бол-
жамдық карталарын құрғаны және әдістемені әзірлегені үшін Ленин сыйлығына ие болған;
* * *
- 1963 жылы Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төр-
тінші «Ленин» орденімен марапатталды.
Ғалым есімі берілген нысандар
Академик Қаныш Сәтбаевтың есімі бірқатар білім беру меке-мелеріне, кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстанның қалаларындағы көшелерге және өзге де нысандарға берілген. Сонымен қатар, Алатау жотасының биік шыңы мен мұздығы, Қаратау жотасында орналасқан ванадий кенінің рудасынан табылған жаңа минерал – сәтбаевит Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады. Сол арқылы ғұламаның есімі мен еңбегі мәңгілік ел тарихында сақталмақ.
Атап айтар болсақ:
Қазақстан Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институты;
Сәтбаев ғаламшары;
Сәтбаев қаласы;
Сәтбаев көшесі (Алматы);
Сәтбаев көшесі (Астана);
Академик Қаныш Сәтбаев көшесі (Павлодар);
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы қаласы;
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
Сәтбаевтың мұздығы;
«Сәтбаевит» минералы;
«Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі бар.
Павлодар облысында:
Қаныш Сәтбаев атында 40 көше;
1 ауылдық округ;
1 ауыл;
4 мектеп;
2 сквер;
1 музей;
1 жоғары оқу орны;
1 су каналы бар.