Облыстық төтенше жағдайлар депар-таментінің қызметкері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапатына ие болды.
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде
қызмет көрсеткен құтқарушыларға ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысының марапатына ие болған сүңгуір бөлімшесінің бас құтқарушысы Владимир Сахаров маңызды шара кезінде су көлігіндегі патрульге және судағы жағдайды бақылауға қатысқан. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар қауіпсіздікті күшейту үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жұмылдырылған. 10 мемлекеттің басын қосқан ауқымды шара кезінде сапалы жұмыс атқарғаны үшін ТЖД қызметкерлеріне алғыс жарияланды. Ал сүңгуір бөлімшесінің бас құтқарушысы Владимир Сахаров
Мемлекет басшысының атынан марапатқа ие болды.
– Саммитке қатысқан мемлекет басшыларының шараға келгенін көрдім. Маңызды шара кезінде көптеген сарбаздар, техникалар да жұмыс істеді. Судағы қауіпсіздікті де назардан тыс қалдырмай, жүктелген міндетті атқардық. Бойымда ешқандай толқу болмады. Жұмысымды жауапкершілікпен орындадым. Еліміз үшін тарихта қалатын шарада қызмет еткенімді мақтан тұтамын, —
дейді құтқарушы.
Айта кетейік, Владимир Сахаров үш күн кезекшілік жасаған.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.