«ҚазАгроҚаржы» Ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған ауыл шаруашылығы, арнайы техника және көлік құралдары лизингінің жаңа бағдарламасын бастапқы жарнаны енгізбей іске қосады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бағдарлама қағидалары бойынша лизингке қазақстандық және шетелдік өндіріс техникасы беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі – 22,75 пайызды (субсидиялауды ескере отырып
6 пайыз) құрайды. Лизинг мерзімі – 10 жылға дейін, қаржыландыру лимиті – 370 млн теңгеге дейін.

АШМ деректері бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржы-ландыруға 178 млрд теңге бағытталды, бұл 7 710 бірлік техниканы сатып алуға мүмкіндік берді, оның 54 пайызы – қазақстандық өндіріс техникасы. Жылдық 6 пайыз мөлшерлеме бойынша қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламалары шеңберінде өткен жыл ішінде 46 млрд теңге сомасына 2 838 бірлік техника лизингке берілді.

2024 жылы ҚазАгроҚаржы «Өз жем-шөптері», «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім», «Жеңілдікті лизинг» бағыттары бойынша қаржы лизингінің жеңілдікті бағдарламаларын іске асыруға жылдық 6 пайыз сыйақы мөлшерлемесі бойынша 36,8 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың ақпан айының басында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на жеңілдетілген бағдарламалар бойынша 14,8 млрд теңгеге
1 310 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінімдер келіп түсті. Оның ішінде бүгінде 6,8 млрд теңге сомасында 544 бірлік техника сатып алуға қаржы лизингі шарттарын жасасты.

А.МҰҚЫШЕВ.