Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылының Шадыра орта мектебінің 3-сынып оқушысы Ерасыл Төлеубек «Balapan» республикалық арнасындағы түсірілімге қатысып қайтты. Тележобада өзінің білімімен, ой ұшқырлығымен көзге түсті.

Бүлдіршінің анасы Ақмарал Омарқасова бағдарлама ойын түрінде өткізілгенін айтты.

– Жақында ұлым Астана қала-сындағы Foor Media студиясы ұсынатын «Жұмбақ жәшік» теле-жобасына қатысты. Жалпы, бағдар-лама ойын түрінде өткізілді. Онда 3 кезеңнен сүрінбей өткен қатысушы жеңімпаз атануы тиіс. Алайда бұл жолы достық жеңді. Осындай жобаға қатысуына атсалысқан мектебіміздің бұрынғы мұғалімі Нұргүл Солтаховаға рақмет! – дейді анасы. Аталмыш бағдарлама балаларға арналған «Balapan» телеарнасының күзгі маусымынан көрсетіледі. Бағдарламаның мақсаты – бүлдір-шіндердің ой-өрісін ойын арқылы жан-жақты дамыту, қиялына ерік беріп, шығармашылығын шыңдау.
Әр бағдарламада ойын арқылы қызықты әрі пайдалы ақпаратпен таныстырады. Сондай-ақ, балаларды икемділік пен ептілікке, жылдамдық пен тапқырлыққа үйретеді. Бұл бағдарлама арқылы балалар қолдың ұсақ маторикасын дамытады. Сонымен қатар, олар көз алдына елестету арқылы бейнелеуді де үйренеді.