Жүлдегер атанды

Мам 30, 2024

Жақында Астана қаласындағы «NURORDA» және «SPECTRUM» мектептерінде қазақ тілі бойынша республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті. Оған павлодарлық оқушылар да қатысып, жүлделі орындармен оралды.

Жыл сайын ұйымдас-тырылатын білім сынына еліміздің барлық өңіріндегі мектептердің 7-11-сынып аралығындағы 200-ге жуық оқушысы қатысты. Байқау 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды.

Олимпиада қорытын-дысы бойынша «Бейне-леушілер» бағытында Павлодар қаласындағы №43 мектептің 10-сынып оқушысы Валерия Брусенко жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ол қазақ әдебиетінің шығарма-лары бойынша комикс жанрында сурет салып, өз шеберлігін көрсете білді. Ал «Сөз шеберлері» бағытында №46 мектептің оқушысы Сапарғали Нұрғиса шешендік қабілеті үшін сертификат алды. Қазақ тілі олимпиадасынан олжалы оралған қос оқушы да — қалалық және облыстық кезеңдерде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген білімді шәкірттер, дейді ұстаздары.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сертификаттары табыс етілді.

Н.ШОДЫР.